12 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген несиемен көлік алды

0
415

Вице-Премьер жеңілдікпен автонесиелендіруді қосымша қаржыландыру мүмкіндігі болса, міндетті түрде пайдаланатынын айтты.


12 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген несиемен көлік алды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз мөлшерлемені 50%-ға төмендеттік, ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) қаражаты түсіп тұрады. Бұл ақша экологиялық іс-шараларға да, осындай бағдарламаларға да жұмсалады. Мен қазір айтқан бағдарламалар экологияны жақсартады. Біз бизнес пен азаматтарымызға автокөлікті жаңартуға да, экологияны жақсартуға да көмектесеміз», - деді Роман Скляр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Вице-Премьер жеңілдікпен автонесиелендіруді қосымша қаржыландыру мүмкіндігі болса, міндетті түрде пайдаланатынын айтты.

«Бағдарлама халық арасында өте танымал. Жеңілдетілген автонесиелеуге 100 млрд теңге бөлінген, бағдарламаны 12 мыңнан астам тұрғын пайдаланды», - деді Роман Скляр.

Еске сала кетейік, автокөліктерді жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасына тағы 10 млрд теңге бөлінді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Өнеркәсіпті дамыту қорының дерегінше, 4 пайызбен берілетін автонесие бағдарламасына қатысушы «Еуразиялық банкке» - 35 млрд, «Банк Центр Кредитке» - 27,5 млрд, «Халық банкке» - 22,5 млрд және «Forte Bank»-ке 15 млрд теңге бөлінген.