12 жастағы туған қызын зорлаған азғын әке 20 жылға сотталды

0
681

Заңгер Ләззат Рақышева қыздың анасы жазған хатты жариялады.


12 жастағы туған қызын зорлаған азғын әке 20 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында туған қызын зорлаған әке Б.Е. қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ол ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 6 баланың туған әкесі болғандықтан, өзінің жас қызына (8 жасынан бастап) жыныстық зорлық-зомбылық жасаған», - деп жазды Айман Омарова.

Әйел бұған дейін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Samruk Kazyna Trust қолдауымен іске асырылып жатқан One-Stop-Service жобасына қызын қорғау үшін жүгінген, деп жазды адвокат.

Ал заңгер Ләззат Рақышева қыздың анасы жазған хатты инстаграм парақшасында жариялады.

«Сәлеметсіз бе! Арамызда 6 балаларымыз бар. Күйеуім әскери полигонында жұмыс істеп жүр. 3 желтоқсан 2023 жылы күйеуіміз екеуіміздің арамызда түсініспеушілік болды, сол күні 12 жасар қызым оған әкесінің бірнеше рет тиіскенін айтты. Мен нақтылап сұраған кезде бұрын мен жоқ кезде әкесі қызымның бетін көрпемен жауып ,оның жыныстық мүшесін қолымен уқалағаны, неше түрлі жыныстық азғындық жасағаны туралы айтты. оның бетін жауып қойып қолын түкіріктеп қызымның жыныстық мүшесін уқалап , артынан туалетке барып жуынады екен. Бұны ешкімге айтпау керектігін және тек қызына ғана осындай массаж жасап жүргенін айтқан екен. Күндердің бір күнінде күйеуім қызымызды тулатке кіргізіп көзіңді жұмып, аузынды аш деген. Оның айтқандарын істеп аузын ашған кезде күйеуім мүшесін тыққанын айтты. Осыны естіген соң балаларымды алып ауылыма қайтып кеттім. Оқиғаның бәрі жалға алып тұрған Алматы облысының бір ауылындағы үйде болған», - деп жазған қыздың анасы.