​14 жастағы жеткіншек жүріп бара жатқан автобустан құлап түскен

0
1 415

Оқушының бұл сөзін куәгерлер де растаған.


​14 жастағы жеткіншек жүріп бара жатқан автобустан құлап түскен

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 14 жастағы жеткіншек жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті. Қоғамдық көліктің ашық тұрған есігінен сыртқа құлаған бозбаланы автобус жүргізушісі байқамай қалған, деп жазады NUR.KZ.

Автобус аялдамадан қозғалғанда есігі ашық болған.

Оқыс оқиғадан кейін жеткіншек мектепке келесі автобуспен жетеді. Содан - соң ұстазына сол қолының шыдатпай ауырып тұрғанын айтқан.

Оқушыны ауруханаға жеткізгенде, оның қолының сынғаны анықталады.

Жеткіншектің сөзінше, ол автобусқа жүгіріп кіріп, жүргізушіге інісін күте тұруды айтқан. Алайда қоғамдық көлік орнынан оқыс қозғала жөнеледі.

Оқушының бұл сөзін куәгерлер де растаған.

Сотта қоғамдық көлік жүргізушісі мектеп оқушысының автобус салонынан құлап кеткенін байқамағанын айтқан.

Оның айтуынша, жүргізуші болған оқиғаны тек кешкісін естіген.

Нәтижесінде сот ер адамды жүргізуші куәлігінен екі жылға айырып, 150 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді.