1,5 жасқа дейін: Дүйсенова бала күтіміне байланысты төлемге кімдер ілігетінін айтты

0
626

Бұған дейін президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзаратынын мәлімдеді.


1,5 жасқа дейін: Дүйсенова бала күтіміне байланысты төлемге кімдер ілігетінін айтты

ERNUR.KZ. Биыл бала күтіміне байланысты төлемдер келесі жылдың қаңтарынан бастап 1,5 жасқа дейін төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту заң қабылданғаннан кейін, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сол себепті бір жасқа толмаған барлық бала келесі жылға өтеді. Оларға төлем бір жарым жасқа дейін төленеді. Ал биыл бір жасқа толған балаларға бұл норманың қатысы жоқ", - деп түсіндірді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзаратынын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ата-аналарға ең маңызды кезеңде өз балаларының қасында ұзағырақ болуға мүмкіндік береді.