17 мың шақырым электр беру желілері мен 404 қосалқы станциясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

0
93

Алдағы жылыту маусымына дайындық барысында тозығы жеткен жабдықтарды күрделі жөндеу бойынша ауқымды жоспарлар бекітіліп, тиісті шаралар қабылданды.


17 мың шақырым электр беру желілері мен 404 қосалқы станциясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Нысандардағы сапалы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуына Комитет және оның аумақтық департаменттері тұрақты мониторинг жүргізуде. Биыл электр станцияларында 9 энергия блогын, 55 қазандық пен 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына 384 млрд теңге қарастырылған, бұл өткен жылдың деңгейінен 9%-ға жоғары. ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Қазір кестеге сәйкес 3 энергия блокта, 26 қазандықта және 21 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 50 негізгі жабдық бойынша күрделі жөндеу толық аяқталды. Оның ішінде 4 энергия блогы, 28 қазандық және 18 турбина бар.

«Жылыту маусымына дайындық аясында 17 мың шақырым электр беру желілерінде және 404 қосалқы станцияларында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы орташа тозу деңгейі 52%-ға, электр желілері бойынша 65%-ға дейін төмендеу күтілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – энергетикалық нысандардың сенімділігін арттыру және технологиялық бұзушылықтардың алдын алу. Осы бағытта қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 5,6-ға төмендеді», – деді спикер.

Елдің энергетикалық инфрақұрылымын жылыту маусымына дайындау бойынша шаралар қабылдау мақсатында Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге, оның ішінде жылу көздерін жөндеуге және салуға 12,7 млрд теңге, жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 8,4 млрд теңге, электр желілерін реконструкциялауға 6,8 млрд теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы 377 шақырым жылу желісін жөндеу және реконструкциялау үшін 196,8 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 82,5 млрд теңге - бюджет қаражаты, 98,1 млрд теңге «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорындардың тарифтік сметалары есебінен 16,2 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда аталған жұмыстардың орындалу деңгейі 89%-ды құрайды. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 48%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.