18 маусымда еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады

0
610

Синоптиктердің болжамынша, ел орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, еліміздің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болуы ықтимал.


18 маусымда еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 маусымға арналған еліміздегі ауа райы болжамымен бөлісті, деп жазады Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ел орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, еліміздің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болуы ықтимал.

"ҚР-дың шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлері циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, елдің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болады деп болжанады. Республикамыздың басым бөлігінде екпінді жел сақталады"."Қазгидромет" РМК

Еліміздің 10 өңірінде күн қатты ысиды деп болжанады:

  • Ұлытау облысының басым бөлігінде
  • Қызылорда;
  • Жамбыл;
  • Алматы;
  • Түркістан;
  • Жетісу;
  • Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде;
  • Қарағанды;
  • Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Абай, Жетісу Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау, Қарағанды өңірлерінің орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.