Отырыста «Nur Otan» партиясының 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланатын болады.
2020 жылдың 18 наурызында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды. «Nur Otan» партиясының 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланатын болады», - деп жазды Twitter-де ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Еске салайық, бүгін Елбасы пратия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.