19 адам сушиден уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

0
124

Мамандар зертханалық сараптама жасау үшін тағам өнімдерінен сынамалар алды.


19 адам сушиден уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Фото: caravan.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысының Боралдай кентінде қоғамдық тамақтану орнында дайындалған өнімдерді тұтынғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға "Алатау" базары аумағында орналасқан Sushi Time қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккен тұрғындар медициналық көмекке жүгінгеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде іске кірісті.

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

"Жаз мезгілінде қоғамдық тамақтану орындарын таңдауға ерекше мән берген жөн. Нысандардың санитариялық жағдайына және тағам өнімдерінің сақталу талаптарына назар аудару қажет. Құсу, диарея немесе дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дереу медициналық көмекке жүгінген дұрыс", – деп хабарлады Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.