​19 жастағы қазақстандық спортшы шетелде хабар-ошарсыз кеткен

0
117

Спортшының ата-анасы желіде 19 жастағы жігіттің хабар-ошарсыз кеткені туралы бейнеүндеу жариялады.


​19 жастағы қазақстандық спортшы шетелде хабар-ошарсыз кеткен

Фото: sports24.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық пауэрлифтер Сергей Веселов Медина қаласында хабарсыз кеткен, деп жазады inform.kz.

Спортшының ата-анасы желіде 19 жастағы жігіттің хабар-ошарсыз кеткені туралы бейнеүндеу жариялады.

Онда Сергей Веселовтың 19 маусым күні Астана қаласынан Ыстамбұлға барып, кейін Түркиядан Сауд Арабиясының Медина қаласына белгісіз себептермен аттанғаны айтылған. Спортшы ата-анасымен соңғы рет 26 маусым күні хабарға шыққан. Сол уақыттан бері онымен байланыс болмаған.
Kazinform тілшісі спортшының анасы Ирина Веселовамен хабарласты. Сергей Веселовтың анасы Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігімен байланысқанын, алайда 10 күн бойы мардымды жауап ала алмағанын айтты.
— Ол 17 жасында спорт шеберіне үміткер атанды. Пауэрлифтингтен Азия және Еуропа чемпионы. Ол әрдайым пауэрлифингтен ұлттық федерацияның атынан өнер көрсетті, — деді Ирина Веселова.
Агенттік жас спортшының жағдайын білу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
Еске салайық, бұған дейін Индонезияның Бали аралында есірткіге байланысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған екі Қазақстан азаматына өлім жазасы тағайындалуы мүмкін екені айтылды.
Жақында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат отырысынан кейін журналистерге Индонезияның Бали аралында 49 грамм метамфетаминмен ұсталды делінген Қазақстан азаматтары туралы мәлімет берді.