«20 млн теңге өтемақы»: сот Айзат Жұманованың қазасы неге «аса қатігез» өлім болмағанын түсіндірді

0
139

​Оның күйеуі 14 жылға сотталған еді.


«20 млн теңге өтемақы»: сот Айзат Жұманованың қазасы неге «аса қатігез» өлім болмағанын түсіндірді

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты әйелін ұрып өлтірген Айбар Жанболатты 14 жылға соттаған болатын. Соттың баспасөз қызметі Айзат Жұманованың өлімі неге «аса қатыгездікпен жасалған қылмыс» деп танылмағанын түсіндірді. Соттың ресми түсіндірмесіне сүйенсек, іс сотқа Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы бойынша түскен. Марқұм Айзаттың туыстары істі 99 баптың, 2 бөлігі, 5-тармағына сай қайта саралауды сұраған. Бұл бап – адамды аса қатігездікпен өлтіруге жатады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Алайда, Қылмыстық кодекстің 340-бабының 1-бөлігіне сәйкес, негізгі сот процесі тек сотталушыға қарсы және ол сотталып жатқан айыптау аясында жүрді. Сондықтан, сот сотталушыны ауыр қылмыстық заң бойынша соттай алмайды және осылайша сотталушының жағдайын нашарлатпайды», - деп жазылған соттың ресми түсіндірмесінде.

Айбар Жанболаттың қорғауы оны тіпті «Адам өлтіру» бабы бойынша емес, Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша, яғни, жазасы 3 жылдан 8 жыл аралағында болатын «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша соттауды сұраған.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша жаза 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сот үкім шығару кезінде сотталушының қылмысты мас күйінде жасағанын және жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Айбар Жанболаттың бұрын соттылығы болмағанын ескере отырып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ол орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтелсін. Біз бұл жаза жасалған қылмысқа сәйкес келеді, Айбар Жанболатты түзеуге және оның одан әрі қылмыс жасауына жол бермеуге жеткілікті деп санаймыз», - деп жазады соттың баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, Айзат Жанболаттың туыстары оның өлімі үшін күйеуінен 100 000 000 теңге көлемінде моральдық залал өтеуді талап еткен.

«Сот моральдық шығынның қонымды және әділдік өлшемшарттарына сүйене отырып, сондай-ақ кінәлінің жеке басын, жасын және қаржылық жағдайын ескере отырып, жәбірленуші талап еткен 20 000 000 теңге көлеміндегі моральдық залалды ішінара өндіріп алды деп санайды», - деп жазады соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сотта Айзат Жұманованы күйеуі өлімші хәлде ауруханаға әкелген видеосы таралған болатын.