Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1470 адам.
Елімізде тағы 20 науқас коронавирустан емделіп, жаңадан 21 адам қауіпті індетті жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Олар:
Нұр-Сұлтан қаласында - 10, Қостанай облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Атырау облысында - 1 адам ауруынан айыққан.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1470 адам.
Сондай-ақ коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 жағдай тіркелді. Олар:
Батыс Қазақстан облысы - 2, Түркістан облысы - 2, Алматы қаласы - 5, Нұр-Сұлтан қаласы - 12.
Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны- 4530- ға жетті.


