20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды

0
749

Тоғыз жастағы бүлдіршін қыз сексуалдық сипаттағы қылмыстың құрбаны болды. Ал ұсталған жігіт өз кінәсін мойындады.


20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды

ERNUR.KZ. Қызылорда полициясы ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты тұтқындады, деп жазады sputniknews.kz.


"Он алтыншы шілдеде белгісіз біреу тоғыз жастағы қызды зорлап, оқиға орнынан бой тасалаған", – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.

Құқық қорғау органы ұсынған деректерге сүйенсек, күдіктіні анықтау үшін полиция департаменті мен Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

"Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. 26 жастағы Қызылорданың тұрғыны ұсталды және ол өз кінәсін толық мойындады", – делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Күдікті жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.