200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқан саудагерлер жауапқа тартылады

0
1 100

Оны төлемдер, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі кезінде қолдануға болады.


200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқан саудагерлер жауапқа тартылады

ERNUR.KZ. Ескі үлгідегі 200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқан саудагерлер әкімшілік жауапқа тартылады, деп жазады 24.kz.

"Ұлттық банк өкілі Динара Дәуітованың айтуынша, кейінгі кездері тұрғындар тарапынан шағым көп түсе бастаған. 2006 жылғы қағаз ақшалар кейін шыққан монеталармен қатар жүреді. Оны төлемдер, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі кезінде қолдануға болады", - деді маман.

Егер номиналы 200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдамаған жағдайда, Ұлттық банктің аумақтық филиалына хабарласу керек.