2018 жылы Қазақстан халқының саны 29 мың адамға азайды

0
1 419

Халықтың 50 пайызы оңтүстік облыстарда тұрып жатыр.


2018 жылы Қазақстан халқының саны 29 мың адамға азайды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы халқының 59 пайызы ғана еңбекке жарамды. Қалған санаттағы теріскей тұрғындарын зейнеткерлер, бала-шаға мен мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. Бұл үрдіске үкімет араласпаса, 2022 жылы Қызылжар өңірінде жұмыс істеуге қауқарлы халық саны 50 пайызға дейін төмендеуі мүмкін, деп жазады baq.kz.

Бұл мәселе ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысында өткен селекторлық жиында талқыланды.

Соңғы 10 айда Қазақстан халқының тұрғындар саны 29 мың адамға азайған. Халықтың 50 пайызы оңтүстік облыстарда тұрып жатыр. Вице-премерьдің төрағалығымен өткен селекторлық жиында елдегі демографиялық ахуал сөз болды.

Еңбек күші тапшы Солтүстік, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына азаматтарды көшіруіміз керек. Жұмыс отындарын толтыру керек. Шекараны бекіту мәселесі де бар. Бұл жөнінен әр өңірге тапсырма берілген. Осы айтылған мәселелер "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Солтүстік өңірде халық саны азаюда. Оның түрлі себептерін атап өтуге болады. Сондықтан осы жаққа көшіп келгендерді баспанамен, жұмыспен қамту керек. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, - деді Бердібек Сапарбаев.

Солтүстік Қазақстан облысында халық санының азаюы – соңғы екі жылдан бері байқалады. Туу көрсеткіші өсіп келе жатқанымен, шет елдерге көшіп кетушілер саны басым. Старистикаға сүйенсек, негізінен ауыл халқы көшіп датыр. Аудандарда онда өңір халқының 55 пайызы тұрады. Бұл 310 мың адам.

IMG_0893.JPG

Облыста 300-ге жуық елді мекен келешегі бар ретінде айқыдалды, яғни жоғары және орташа экономикалық даму әлеуеті бар. Осы ауылдарда еңбек ресурстарына және сәйкесінше тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар. Осыған байланысты қоныс аудару және еңбек ресурстарын толтыру өңіріміз үшін өзекті және қажетті болып табылады. Қазіргі кезде Үкімет қолдауының арқасында әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық сала объектілерінің, сондай-ақ көліктік инфрақұрылымдар жағдайын жақсарту, соның ішінде биыл басталған "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар жақсы қолдау болды, - деді жиында сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев.

Ал 100-ге тарта ауыл "болашағы жоқ" деп танылған. Асқар Сақыпкереев ондай елді-мекендердің тұрғындарын көрші ауылға көшіру үшін бюджеттен баспана алуға арналған қаржы қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ жиында "Серпін" бағдарламасының жүзеге асырылуы сөз болды. Аталған бағдарлама бойынша бөлінген гранттар толық игерілмеген. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік бағдарлама бойынша диплом алған түлектерге әлеуметтік жауапкершілік жүктеу тетіктерін қарастыруды ұсынды.

Солтүсік Қазақстан облысында 1200 бос орын бар. Біз келгендердің бәріне үй беруге дайынбыз. Мемлекеттік бағдарламаны 3 жылға емес, одан әрі созу керек, - деді ол.

Жиынды қорытындылаған Бердібек Сапарбаев халық санын көбейту – ең маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Вице-премер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті билік халықтың Қазақстаннан неге кетіп жатқанығын жан-жаұты сараптау керектігін тілге тиек етті.

Бұған дейін СҚО-ға оңтүстік өңірлерден барғандарға 2 мыңнан астам баспана салынып жатқандығы туралы жазған болатынбыз.