Астанада кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетті (видео)

0
222

Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған.


Астанада кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетті (видео)

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Астанада құтқарушылар ер адамды 50 метрге жуық биіктіктен құтқарды, деп жазады sputnik.kz.
Есіл ауданындағы Сауран көшесінде тұрғын үй кешенінің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетіп, қауіпті жағдайда қалған.
Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді.

ТЖМ биікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет екенін ескертті.