2018 жылы Қазақстанға 415 мың тоннадан астам бензин импортталған

0
1 144

Былтыр мемлекетімізде 100 млн. тоннаға жуық мұнай өндірілген. Соған қарамастан, әлі күнге ішкі нарықты жанар-жағармаймен 100% қамти алмай отыр.


2018 жылы Қазақстанға 415 мың тоннадан астам бензин импортталған

Өткен жылы еліміз 90 миллион тоннадан астам мұнай өндірілсе, биыл бұл көрсеткішті 89 миллион тонна көлемінде ұстау көзделіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, былтыр Қазақстанда 16 млн. тонна қара алтын өңделген екен. Үстіміздегі жылы өңделетін мұнай көлемін 17 млн. тоннадан асыру жоспарланып отыр.

Мұнан өзге, республикамызға 415 мың тоннадан астам жанар-жағармай импортталған. Яғни, ішкі нарықты сұранысты отандық жанар-жағармаймен жабу 93,2% құрапты. Оның ішінде бензиннің барлық түрлерімен қамту 91% асып, дизель отыны 62% жетіп отыр. Ал, өзіміз өндіріп отырған әуе керосині елімізге 100% жеткілікті екен.

Сондай-ақ биыл мұнай өнімдерінің барлық түрінен отандық сұранысты 100% қамту жоспарлануда.