2021 жылы тағы 18 жол ақылы болады

0
2 851

2021 жылы ақылы жол жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр.


2021 жылы тағы 18 жол ақылы болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда биыл тағы 18 республикалық жол ақылы болады. Бұл 2024 жылға дейін жоспарланған ақылы жол жүйесінің жартысынан көбі. "ҚазАвтоЖол" басшысы Ұлан Әліпов ақылы жолдың іске қосылу уақыты туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

2021 жылы ақылы жол жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа ақылы жолдың жалпы ұзындығы 5 800 километрге жуық. Қазіргі уақытта жүйе бес трассада сынақ режимде жұмыс істеп тұр. Олар:

  • Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентке);
  • Орал-Ресей шекарасы (Саратовқа);
  • Орал-Ресей шекарасы (Самараға);
  • Ақтөбе-Ресей шекарасы (Орынборға);
  • Щучинск-Петропавл.

Жақын арада бұл автожолдарда ақылы жол жүру қалыпты режимде жұмыс істейтін болады. Ол наурызға жоспарланған. Сондай-ақ, осы айда тағы төрт жол тұрақты негізде ақылы болады. Олар:

  • Шымкент - Қызылорда;
  • Шымкент - Тараз;
  • Тараз - Қайнар;
  • Қапшағай - Талдықорған.

Алдымен бұл жолдарда сынақ режим енгізу керек. Оны ақпанда жасау жолға қойылды. Сонымен 2021 жылғы наурызда Қазақстанда жаңа ақылы автотрассалар саны тоғыз болады.

Айта кетейік, ақпан айында тағы тоғыз республикалық автожол сынақ режимге көшеді. Ол жолдарды сәуірде тұрақты режимге көшіру жоспарланып отыр. Олар:

  • Қарабұтақ - Қызылорда;
  • Ақтөбе - Орал;
  • Атырау - Бейнеу (Өзбекстан шекарасы);
  • Ақтау - Бейнеу;
  • Қостанай - Ресей шекарасы (Троицк);
  • Нұр-Сұлтан - Қостанай;
  • Павлодар - Ресей шекарасы (Омбы);
  • Нұр-Сұлтан - Павлодар;
  • Павлодар -Семей - Қалбатау.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылға дейін ақылы жолдардың ұзындығын 11 мың шақырымға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл елдегі барлық жолдардың шамамен 45 пайызы. Бұл жүйеге жалпы 25 миллиард теңге жұмсалады. Тағы қандай жолдар ақылы болатыны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

"Ұзындығы 5 200 шақырым қалған учаскелерде қайта құру жұмыстарының аяқталуына қарай ақылы жүйені енгізу сатылы жүзеге асады", - деді Ұлан Әліпов.

Қазіргі уақытта ақылы автожолдар төрт трасса бойынша:

  • Нұр-Сұлтан - Щучинск;
  • Нұр-Сұлтан - Теміртау;
  • Алматы - Қорғас;
  • Алматы - Қапшағай.