2023 жылдан бастап банктер студенттерге 2-3 %-дық кредит береді

0
722

Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30%-тен 100%-ке дейін) дифференциация енгізуде де қолданылады.


2023 жылдан бастап банктер студенттерге 2-3 %-дық кредит береді

ERNUR.KZ. 2023 жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3%-дық кредит рәсімдей алады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Үкімет кулуарында журналистер оқу ақысын төлеуге 2-3%-дық кредит қашан берілетінін сұрады.
"Келесі жылдан басталады. Біз бұрын болған қаржыландыру және кредит алу моделін мұқият қарастырып жатырмыз. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3%-дық кредит рәсімдей алады", - деп жауап берді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ҰБТ талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдіріледі.
"Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30%-тен 100%-ке дейін) дифференциация енгізуде де қолданылады", - деді Нұрбек үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының талапкерлеріне грант бөлу жалғасады.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдіріледі.