2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады

0
435

Биыл маусымда Экология министрі киіктердің санын реттеу үшін 80 мың киікті ату туралы түпкілікті шешім қабылданғанын мәлім еткен еді.


2023 жылдың аяғына дейін киік атуға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Министрлік 2023 жылдың аяғына дейін киіктерді атуға рұқсат бермеуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"Бүгін біз киіктерді ату туралы мораторийді ұзарту жөніндегі ұсыныспен ақпарат жібердік. Біздің ұсынысымыз қолдау тапса, 2023 жылдың соңына дейін киіктерді атуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы киіктерді атпаймыз", - деді Брекешев.

Еске салайық, биыл маусымда Экология министрі киіктердің санын реттеу үшін 80 мың киікті ату туралы түпкілікті шешім қабылданғанын мәлім еткен еді.