Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 313 адам жүгінді, оның ішінде 309 адамға тағайындалды.
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3 916 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 3 968 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 313 адам жүгінді, оның ішінде 309 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 3 655 адам өтініш білдіріп, оның 3 607-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 56 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 34 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 18 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 43 адам, 4 көзден – 496 адам), Шығыс Қазақстан (2 көзден – 32 адам, ал 4 көзден – 356 адам) және Қостанай (2 көзден – 9 адам, ал 4 көзден – 297 адам) облыстарында тіркелген.