2025 жылдың наурыз айында жаңа пандемия басталатыны рас па

0
590

Таратылып жатқан хабарламада жаңа COVID-19 пандемиясының 2025 жылдың 31 наурызында басталатыны айтылған.


2025 жылдың наурыз айында жаңа пандемия басталатыны рас па

ERNUR.KZ. Жаңа пандемия 2025 жылдың наурыз айында басталады. Бұл хабарлама қазақстандықтар арасында әлеуметтік желіде тарап жатыр. Сарапшылар мұндай ақпаратқа сенбеу керек екенін түсіндірді, деп жазады zakon.kz.

Таратылып жатқан хабарламада жаңа COVID-19 пандемиясының 2025 жылдың 31 наурызында басталатыны айтылған. Болжам бойынша, бәрі алдын ала жоспарланған және миллиард адам ауру жұқтырады.

Бейнежазба авторы Ақ үйдің, Джонс Хопкинс университетінің және Дүниежүзі банкінің сайттарын пайдаланады. Онда сайттан скриншоттар көрсетілген. Сонымен қатар хабарламада билік алдағы пандемия туралы біліп қана қоймай, оған дайындалып жатқанын айтылған.

Stopfake.kz сарапшылары мұндай ақпараттың ресми сайттарда болмағанын айтты.

"Кадрлардың бірінде автор Дүниежүзі банкінің сайтында жарияланған құжатты көрсетеді. Оны жылдам ғана көрсетіп, пайдаланушыға мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді. Бірақ ең бастысы манипуляция жасауға пайдаланатын ең негізгі өзіне керегін көрсетеді. Ол – 2025 жылдың 31 наурызы. Халықаралық қаржы ұйымының сайтындағы құжаттарда жаңа пандемияға ешқандай да сілтемелер жоқ", - деп жазды басылым.

Қорытындылай келе, сарапшылар видео авторы айтқан барлық мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын айтты.