Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. 2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 359,1 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (ОТҚ) шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 669 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1012 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 761 ымдау тілі және 133 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.