Алғашқы воркшопта қатысушылар 14 пәндік топқа бөлініп, 2026–2027 оқу жылындағы негізгі және жалпы орта білім берудегі өзгерістерді талқылады.
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» республикалық жазғы сессиясы аясында еліміздің барлық өңірінен келген 300 жуық педагогпрактикалық воркшоптарға қатысты, деп жазады inform.kz.
Екінші воркшоп 16 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Оның барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру тетіктері, тиімді оқыту тәсілдері, қалыптастырушы бағалау құралдары және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру процесінде пайдалану мәселелері бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.
Пәндік топтармен қатар мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтерге арналған арнайы алаңдар жұмыс істеді. Олар инклюзивті білім беру, «Адал азамат» бағдарламасының жаңа оқу жылындағы басымдықтары және «Жеке қауіпсіздік» курсы аясындағы нақты кейстерді талқылады.
Воркшоптар педагогтерге оқу бағдарламаларын әзірлеушілермен, тәжірибелі мұғалімдермен және сала сарапшыларымен тікелей пікір алмасып, жаңа оқу жылындағы өзгерістерді мектеп тәжірибесіне енгізудің нақты жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.


