2026 жылдан бастап Қазақстанда кімдердің ақша аударымдары тексерілетіні белгілі болды

0
77

Комитет қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет арқылы табыс табуы мүмкін деген күдікке ілінетін жағдайларға қатысты түсініктеме берді.


2026 жылдан бастап Қазақстанда кімдердің ақша аударымдары тексерілетіні белгілі болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың мобильді ақша аударымдары қандай жағдайда тексерілетінін айтып берді, деп жазады stan.kz.

Комитет қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет арқылы табыс табуы мүмкін деген күдікке ілінетін жағдайларға қатысты түсініктеме берді.

“Бұған дейінгі талап ақша түсімдерінің санына негізделген еді – күнтізбелік үш ай қатарынан 100 және одан көп әртүрлі тұлғадан ақша түскен жағдайда. Жаңа ережеде оған қосымша талап енгізілді, енді дәл сол кезеңдегі барлық түсімдердің жиынтық сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып түсуі қажет”, – делінген хабарламада.

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтардың ақша аударымдары мына жағдайларда тексеріледі:

- Бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банктік шотына қатарынан 3 күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе;

- Осы кезеңдегі жалпы түсім мөлшері қаржы жылының 1 қаңтарында республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақының 12 есесінен асып кеткен жағдайда.