2026 жылы "Болашақ" аясында атом энергетикасы саласына 20 грант бөлінеді

0
99

Кейін бұл гранттар жыл сайын беріледі.


2026 жылы

фото: Sputnik / Виктор Толочко

ERNUR.KZ. Қазақстан "Болашақ" бағдарламасы арқылы атом энергетикасы саласында кадр дайындауды кеңейтеді, деп жазады sputnik.kz.

2026 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында атом энергетикасы бойынша оқу үшін 20 грант ұсынылады. Кейін бұл гранттар жыл сайын беріледі.
Серіктестер қатарында – "МИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті және Цзяо Тонг Шанхай университеті.

Бағдарлама бойынша қазақстандықтар шетелдік жоғары оқу орындарында (магистратура, докторантура) білім алады немесе әлемдегі жетекші компаниялар мен университеттерде тағылымдамадан өтеді.