2026 жылы такси қызметі қымбаттайды

0
103

Такси сервисінің жетекшісі Тимур Шалекенов келер жылы жолақы қандай деңгейде өсетіні жөнінде болжамын бөлісті.


2026 жылы такси қызметі қымбаттайды

pixabay.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда такси бағасы қымбаттайды, деп жазады ulysmedia.kz.

Такси сервисінің жетекшісі Тимур Шалекенов келер жылы жолақы қандай деңгейде өсетіні жөнінде болжамын бөлісті, деп жазады digitalbusiness.kz. Оның айтуынша, елеулі сыртқы экономикалық күйзелістер болмаса, биылғы үрдіс сақталуы мүмкін.

– 2025 жылды қарасақ, шамамен 8% шамасында базалық өсім болды. Бұл ресми инфляция деңгейінен де төмен көрсеткіш, себебі оның қозғаушы факторлары өзгеше: шығынның 12%-ы – жанармай, ал 30%-ы – жоғары пайызбен байланысты рэйзинг шығындары. Сондықтан баға құралуында көптеген өз ерекшеліктер бар. Реттеушімен тікелей келісу тетігі жоқ, тек диалог жүреді: біз баға өзгерісінің логикасын түсіндіреміз.

Ал макроэкономикалық жағдай күрт өзгермесе, тарифтердің өсуі былтырғы көрсеткішке жақын болады — 8–10–12%, – деді Yandex Qazaqstan компаниясының бас директоры.