2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек көлемі 50 пайызға жете ме – ДСМ жауабы

0
165

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасы жүргізген аудит нәтижелерін тілге тиек ет


2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек көлемі 50 пайызға жете ме – ДСМ жауабы
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ардақ Амангелдіұлы отандық фармацевтика саласындағы отандық өнім көлемін арттыру үшін қандай шаралар жасалып жатқанын айтты, деп жазады inform.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасы жүргізген аудит нәтижелерін тілге тиек ете отырып, «Мемлекет басшысы жүктеген «2029 жылға қарай дәрі-дәрмектер саласында отандық өнім көлемін 50 пайызға жеткізу» тапсырмасын ведомство орындай ала ма? Ол үшін нақты қандай шаралар атқарылып жатыр?» деген сауал қойды.

- Осы мәселе аясында біз былтырдан бері арнайы департамент құрып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір нақты 34 тауар өндіруші бар. 90 шарт негізінде 507 дәрі-дәрмек өндіріледі және 2 мыңдай медициналық бұйым шығарылады. Осы шарттардан басқа 7 жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ондағы жалпы инвестиция көлемі – 650 млн доллар. Оларды іске қоссақ, біздің қосымша өндірілетін өнім 2029 жылы 300 млн долларға өседі деген жоспарымыз бар, - деп жауап берді Ардақ Амангелдіұлы.
Сондай-ақ спикер осы 7 жоба сәтті жүзеге асса, отандық өнім көлемін 14 пайыздай арттыратынын атап өтті.