21 қарашада Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді

0
310

2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылады.


21 қарашада Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 21 қараша, бейсенбіде Қазақстан аумағында теле-радио арналар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдемесінен белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, "Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Сондықтан қазақстандықтарға алдын ала ескертіледі:

"2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады".

Сөз соңында уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.