27 млн теңге ұрланған: Прокуратура "Каспий" футбол клубын тексерді

0
240

Клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.


27 млн теңге ұрланған: Прокуратура

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының прокуратурасы "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтады, деп жазады baq.kz.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, "К" және "О" азаматтарын қамауға алуға санкция берілді, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.