30 000 доллар сыйақы алғыңыз келсе Астана туралы жұмбақты шешіңіз (видео)

0
3 906

Автор елордамыз туралы білімімізді арттырып, руxани жағынан байытып қана қоймай, ақша ұтып алуға да мүмкіндік беріп отыр


30 000 доллар сыйақы алғыңыз келсе Астана туралы жұмбақты шешіңіз (видео)

ERNUR.KZ. Астана туралы канадалық жазушының кітабындағы жұмбақты алғаш болып тапқан адам 30 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады, деп жазады ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.


«Канадалық профессор, тарихшы, Кембридж университетінің докторы, құпия қоғамдардың архитектурасы бойынша белгілі сарапшы Фрэнк Альбо өз елінде «Канадалық Дэн Браун» деп танылып, осы кітабы amazon.com интернет-дүкенінде кітаптар сатылымы бойынша үздік рейтингтен орын алды. Ал енді автор өз кітабын оқып, жасырылған жұмбақтарды шеше алған адамға 30 000 доллар көлемінде сыйақы бермекші. Автор елордамыз туралы білімімізді арттырып, руxани жағынан байытып қана қоймай, ақша ұтып алуға да мүмкіндік беріп отыр» делінген хабарламада.

Автор халыққа жолдаған видеоүндеуінде кітапты жазу үшін төрт жыл уақытын сарп еткенін айтады. Астанаға жиі-жиі келіп, әр келген сайын қаланың ерекшеліктерін зерттегенін баяндайды. Оны айтуынша, елорданы жақсы білетін, тарихымен таныс кез келген адам кітаптағы жұмбақты шешуге мүмкіндігі бар.