4 және 5 балалы отбасылар жәрдемақыдан қағылмайды - министрлік

0
156

Министрлік азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұрайды.


4 және 5 балалы отбасылар жәрдемақыдан қағылмайды - министрлік

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. 6-дан аз баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат бойынша министрліктің ресми парақшасында түсініктеме берілген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін хабарлайды.
Мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге төленеді.
Министрлік азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұрайды.