1 миллион 55 мың адамнан өтініш келіп түскен.
ERNUR.KZ. 42 500 теңгені алуға 1 миллионнан аса қазақстандық өтініш берді, деп жазады Tengrinews.kz.
"20 шілде сағат 9.00-дегі мәліметке сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді алуға азаматтардан 1 миллион 55 мың бірегей өтініш келіп түсті. 880 мың адамға төлем тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге қашан берілетінін айтқан еді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болатын.