Бұл төлем біржолғы, яғни шілде айына ғана төленеді.
ERNUR.KZ. Өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты, деп жазады baq.kz.
"Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстан толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда төленбейді", - деді ол.
Нұрымбетов толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға біржолғы төлем алушының жоғалған табысы қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайтынын айтты.
"Бұл төлем біржолғы, яғни шілде айына ғана төленеді. Алайда, өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады", – деді Біржан Нұрымбетов.
Бұған дейін еңбек министрі 42 500 теңгені алудың тәртібін қайта түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, "студенттер әлеуметтік төлем ала ма" деген сауалға жауап берді.