Жер аумағы тиісті кодекстің нормаларын сақтамаған күйде өндірістік кооперативтерге берілген.
фото: Пресс-служба акима Карагандинской области
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексерісі нәтижесінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады sputnik.kz.
Тексеру барысында Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімі бірқатар заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. 8 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне жер кодексінің нормалары сақталмай, жер телімдері заңсыз берілген.
"Бұл алқаптар халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары. Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс", - делінген хабарламада.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқарма оны жою туралы ұйғарым шығарды. Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтіріп, жергілікті тұрғындарға емін-еркін мал жаюға мүмкіндік берілді.