6-8 қыркүйекте Қазақстанға Албания президенті ресми сапармен келеді

0
691

Президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.


6-8 қыркүйекте Қазақстанға Албания президенті ресми сапармен келеді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп жазады zakon.kz.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.