65 қазақстандыққа Газадан шығуға рұқсат берілді

0
564

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров біздің азаматтарды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталғанын мәлімдеді.


65 қазақстандыққа Газадан шығуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Азаматтарды эвакуациялау "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізілетін болады, деп жазады ulysmedia.kz.

Газа секторының шекара өткелдерінің бас басқармасында эвакуация туралы ақпарат жарияланды.

"Қазақстан" бағанында 122 азамат тізімделген, оның 65 – і-қазақстандықтар. Қалғандары – олардың отбасы мүшелері.

Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров біздің азаматтарды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ол отандастарымыз эвакуациялау кезінде қандай қиындықтарға тап болып жатқанын айтты.