"7-20-25" бағдарламасы бойынша1 трлн теңгеден астам қарыз берілді

0
435

1,066 трлн теңгеге 77 132 қарыз берілген.


ERNUR.KZ. "7-20-25" бағдарламасы аясында 77 132 қарыз берілді, деп жазады sputnik.kz.


"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1,066 трлн теңгеге 77 132 қарыз берілген. Ең көп несие – елордада. Астанада 446,8 млрд теңгеге 28 079 қарыз берілген.

Ал алматылықтарға 251,2 млрд теңге болатын 15 950 ипотекалық несие берілген.
Үшінші орында – Шымкент. Онда 5719 адам баспана алу үшін 72,8 млрд теңгеге қарыз алған.