"7 жыл бойы әйелін қорлаған": Көкшетауда тергеу қайта жанданып, іс сотқа жолданды

0
298

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.


Фото: azh.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысының прокурлары өзіне қол жұмсаған жас қыздың өліміне қатысты қылмыстық істі қайта жалғастырды. Осыған дейін қалалық полиция бұл істі тоқтатқан болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды.

"Ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алды. Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйеліне физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл әйелдің өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына әкелді", - делінген хабарламада.

Күдіктінің әрекеттері Қылмыстық Кодекстің 105-бабының 2-бөлімі 1-тармағы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 110-бабы 2-бөліму 1-тармағы (Қинау) сәйкес сараланды.

Ақпаратқа сәйкес, бірінші баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза болса, екінші бап бойынша төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.