Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақы мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді. Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған, деп жазады zakon.kz.
Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақы мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады.
Бұдан бөлек Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.
"Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.