9-сынып оқушысы мемлекетаралық іздеуге жарияланған болатын.
ERNUR.KZ. Павлодарлық полицейлер 8 ай бойы іздеуде болған кәмелетке толмаған қызды тауып, үйіне қайтарды, деп жазады ҚазАқпарат.
2019 жылғы 7 мамырда Павлодар полициясына кәмелетке толмаған немересі Виалина Денисова (2003 жылы туған) 5 мамыр күні үйден шыққан күйі оралмағаны туралы әжесі хабарлаған.
Аталған факті бойынша қызметкерлер іздестіру ісін қозғап, 9-сынып оқушысын мемлекетаралық іздеуге жариялады. Кейіннен, аталған қыз 1984 жылғы танысымен заңсыз түрде Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны жаяу кесіп өткендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олар Новосібір қаласының аумағында жасырынғаны анықталды.
2020 жылғы 1 ақпанда жедел іздестіру шаралары кезінде павлодардық тәртіп сақшылары РФ қылмыстық іздестіру қызметкерлерімен бірлесе Новосібірдегі жалдамалы пәтерден іздеудегі В.Денисованы тапты.
Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған оқушы Қазақстанға қайтарылып, әжесінің қарауына тапсырылды.