Бұл бағдарлама жастарға арналады.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов “9-20-25” бағдарламасына қанша қаражат бөлінетінін және қанша адам ипотека ала алатынын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жаңа бағдарлама бір айда дайын болады. Оны келесі жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.
“Оған жыл сайын 150 миллиард теңге керек және 8 мың адам ипотека ала алады. Ол үшін біз 100 миллиардты нарықтан тартуымыз керек. Ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 миллиард теңге бөлуі тиіс. Сөйтіп, екі ақшаны араластырып, жаңа бағдарламаны бастап кетуге болады. Ол жастарға арналады”, - деді Смайылов сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, жаңа бағдарламаның негізгі шарттары: 9 проценттік мөлшершеме, 20 проценттік алғашқы жарна, ал ипотеканың мерзімі - 25 жыл.