Ақтөбеде мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
ERNUR.KZ. Қанды оқиға 17 қазанда Кирпичный ауылында орын алған, деп жазады ktk.kz.
Бұл мектептегі жағдай әжетхана ішінде болған. Бастапқыда 9-сынып оқушылары арада туған дауды өзара сөзбен шешпекші болған. Алайда, оқушының бірі қалтасынан шығарған бәкі іспеттес пышақты қарсыласына сұғып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.
Оқушылар небәрі 14-15 жаста. Жеңіл жараланған оқушы ауруханаға жеткізілді. Дегенмен екі оқушының ата-анасы шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде мәселе шешіліп, екі жақ татуласты. Оқушының қолындағы пышақ суық қаруға жатпайды екен.