Абаев: Митинг өтетін жерді мәслихат анықтап береді

0
946

Дәурен Абаев бейбіт жиындарды өткізу заңнамасын талқылауды ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқанын атап өтті.


Абаев: Митинг өтетін жерді мәслихат анықтап береді

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен бейбіт жиындар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды, деп жазады baq.kz.

Шараға Нұр-Сұлтандағы ОБСЕ бағдарламалар кеңсесінің төрағасы Дьердь Сабо, сыртқы істер вице-министрі, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ елшіліктерінің және т.б. халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дәурен Абаев бейбіт жиындарды өткізу заңнамасын талқылауды ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқанын атап өтті.
Бұрын рұқсат етілген болды, енді хабарлама мәнде болады. Бұрын жай митинг болды, ал енді пикет, демонстрация, марш, наразылық шеруі болып бөлінеді. 1995 жылғы заңда бұл түсініктер болмаған, ал қазір біз осыларды енгізу қажеттігін көріп отырмыз... Рұқсат етілген жерде өткізу мәселесі өте өзекті болып отыр. Себебі мұны қала сыртында өткізбеу керек. Сондай-ақ бейбіт жиын өткізетін жерді анықтағанда мақсаты, қауіпсіздігі, қолайлылығы санитарлық нормаларға қолжетімділігі ескерілу керек... Митинг өтетін жерді мәслихат анықтап береді. Журналистерге қатысты артық нормалар болған. Оларды алып тастаймыз. Сонымен қатар, қатысушы деген түсініктен жас ерекшелігін алып тастаймыз. Бұрын тек 18 жасқа толғандар ғана қатыса алатын. Бұл бала құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес болатын. Мысалы, 9 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған марш болғанда заңға сәйкес балалар қатыса алмайтын... Қазақстанда митингке дейін жеткізбейтін жағдайдың бәрі жасалған. Адамдардың сөзі жетеді. Біріншіден, ақпаратқа қолжетімділік, деректердің ашықтығы, екіншіден, ай сайын тұрғындармен кездесу бар. Жүру мен демонстрациядан басқасының бәрі хабарландыру болады. Себебі ұйымдастыру мен жолдарды жабу үшін уақыт керек... Уақытына қатысты айтар болсақ, митинг туралы ескертуге 15 күн уақыт беріледі. Бірақ шұғыл жағдайларда жылдам хабарландыруға болады. Тағы атап өткім келеді. Митинг өткізуге ешкім рұқсат бермейді, ол туралы ескертіп, хабарландырса ғана жеткілікті, - деп түсіндірді Дәурен Абаев бейбіт жиын өткізу туралы заң жобасын.