Абай облысы бойынша көші-қон қызметінің бұрынғы басшысына үкім шықты

0
562

Сот оларды арнайы атақтарынан айырды және іске қатысы барларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.


Абай облысы бойынша көші-қон қызметінің бұрынғы басшысына үкім шықты

ERNUR.KZ. Гүлвира Дөненбаевамен бірге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Садықов пен Семей қаласының көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Нұрахметов сотталды, деп жазады sputnik.kz.

Сот анықтағандай, Дөненбаева қарамағындағы қызметкері арқылы 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Осы сомаға ол қалалық көші-қон қызметінің бөліміне учаскелік полиция қызметкерін ауыстырып беруге уәде еткен.
Дөненбаева төрт жылға, Нұрахметов үш жыл, Садықов үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Сот оларды арнайы атақтарынан айырды және іске қатысы барларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.