Абай облысы Көкпекті ауданында төтенше жағдай жарияланды

0
595

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды.


Абай облысы Көкпекті ауданында төтенше жағдай жарияланды

Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

«Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - делінген хабарламада.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды.