Аталған құқық бұзушылық 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеліп соғады.
ERNUR.KZ. Абай облысында 7 жасар бала автобустың есігіне қысылып қалды, деп жазады inbusiness.kz.
Куәгердің айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған, ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Абай облысы ПД 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлайды.