Марқұмның артында бес баласы қалды.
ERNUR.KZ. 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру барысында қаза тапқан құтқарушы Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Semey Ainasy басылымының жазуынша, құрылыс компанияларының бірінің өкілдері және облыстық мәслихат депутаты Әсемхан Досқожанов «Қарағайлы» шағынауданында өрт сөндірушінің жесірі мен балаларына 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Бұған дейін облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев пен ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Марат Көлдіков Айдос Тоғызбаевтың отбасына Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс еткен болатын.
Еске салайық, Айдос Тоғызбаев қатты күйік алып, қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Марқұмның артында бес баласы қалды.