Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, наурыздың 16-нан 17-не қараған түні "Семеновка" ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, зардап шеккен 4 адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Медицина қызметкерлері барғаннан кейін ақпарат расталды.
"ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.


