Тергеу жүріп жатқан бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ERNUR.KZ. Семей орманындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының арнайы шығарылымының эфирінде сөз болды, деп жазады inform.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім еткендей, өртке қатысты тергеу Қылмыстың кодекстің «абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша жүргізіледі.
Тергеу жүріп жатқан бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
«Менің ойымша, бұл істе жауапты адамдардың саны жеткілікті. Олар төтенше жағдайлар министрлігінің және орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері болуы мүмкін. Сонымен қатар аталған аймақтағы жалпы төтенше жағдай және орман шаруашылығына жауапты тұлғалар да тергеу аясында жауапқа тартылуы ықтимал», - деді Jibek Joly телеарнасына сұхбат берген заңгер Серік Беркамалов.