Жазба астындағы пікірлерде полицейдің жол апатынан қаза тапқаны айтылады.
Сурет: pixabay
Қаралы хабармен Абай облысы ПД бастығы - полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Instagram-дағы ведомство парақшасында бөлісті.
"Полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз".Абай облысы полиция департаментінің бастығы - полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан.
Жазба астындағы пікірлерде полицейдің жол апатынан қаза тапқаны айтылады. Өзге мән-жай, әзірге белгісіз.